АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДАМУ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ

тырау облысының бұрынғы атауы Гурьев облысы –Қазақстанның құрамындағы облыс. Әкімшілік орталығы — Атырау қаласы. Атырау облысы Батыс Қазақстан облысы, Маңғыстау, Ақтөбе облысымен және Ресей Федерациясының Астрахань облысымен шектеседі. 1938 жылғы 15 қаңтарда құрылған. Атырау облысы батысында Ресейдің Астрахань облысымен, солтүстігінде және солтүстік-шығысында Батыс Қазақстан облысымен, шығысында Ақтөбе облысымен, оңтүстігінде – Маңғыстау облысымен және Каспий теңізімен шектеседі. Облыс аумағы 118 631 шаршы километрді құрайды, халық саны – 555 198 адам. Облыс құрамына 7аудан кіреді. Өңірдің басты экономикасын мұнай өндіру болып табылады. Облыста Теңіз, Дәулетәлі, Жаңа-Мақат, Борқылдақты, Шығыс Теген секілді мұнай кен орындары бар. Атырау облысының ірі кәсіпорындары «Теңізшевройл» ЖШС – өңделмеген мұнай, сұйытылған көмірсутек газын (СКГ), күкірт және құрғақ газ өндіру, «ЕмбіМұнайГаз» өндіріс филиалы, «ҚазМұнайГаз» Барлау өндіру АҚ, НКОК (North Caspian Operating Company) Атырау мұнай өндіру зауыты. Облыс Каспий маңы ойпатында Еділ сағасының арасында солтүстік батысында Каспий теңізінен солтүстік және шығысында және оңтүстік шығысында Үстірт жоны орналасқан. Жер бедері жазық, солтүстігінде шағын таулар.Климаты континенттік, аса құрғақ, жаз мезгілінде ыстық және қыс мезгілінде барынша суық. Бұл факторлардың барлығы өңірдің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға ұшырауын анықтайды. Бұндай жағдайда төтенше жағдайды алдын алуға және жоюға жауап беретін мемлекеттік органдарда үлкен жауапкершілік болады. Және бірінші кезекте – бұл құрамына түрлі авариялық ден қою қызметтері кіретін, халыққа алғаш болып көмекке келетін Төтенше жағдайлар департаменті. Департамент Атырау облысының Азаматтық қорғаныс штабының базасында құрылды. 1996 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылуына байланысты Азаматтық қорғаныс штабы Атырау облысының Төтенше жағдайлар басқармасы, кейін Департамент болып қайта өзгертілді. Оның құрамына «Атырау облысының Өртке қарсы қызмет департаменті», «Атырау облысының төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау жөніндегі басқарма» мемлекеттік мекемелері және Қазақстан Республикасының теңізде және ішкі су айдындарында мұнай операцияларын жүргізуге бақылау жөніндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік инспекция болды. Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құрамында – Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі, Батыс өңірлік жедел-құтқару жасағы, мемлекеттік өрт бақылау басқармасы, азаматтық қорғаныс басқармасы, Атырау қ. Төтенше жағдайлар басқармасы және 7 аудандық төтенше жағдай бөлімдері бар. 2015 жылғы наурыздан Департаментті азаматтық қорғау полковнигі Өмірзахов Сағынбек Сиратұлы басқарады. Қазіргі уақытта өрт қауіпсіздігі жағдайын бақылау жүйесінің құрылу тарихын 1918 жылдан бастап, яғни «Отпен күресу мемлекеттік шараларын ұйымдастыру туралы декретке» қол қойылғаннан бастап есептеуге болады. Онда бірыңғай өрт ережесін дайындау, мемлекеттік өрт қадағалау аппаратын құру және жоғары білікті кадрларды дайындау қарастырылды. Осы жылдары Орал-Ембі ауданының мұнай кәсіпорындарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін алғашқы өрт сөндіру командалары мен ерікті өрт сөндіру жасақтары құрылды. Олардың жабдықтауында атты шығу, су сақталатын бөшкелер мен қол сорғылары болды. 30-шы жылдары қалалық команданың материалдық-техникалық базасы нығая бастайды. 1944 жылы Гурьев мұнай өңдеу зауытын қорғау бойынша алғашқы әскерилендірілген өрт сөндіру командасы құрылды. Соғыс жылдары өрт сөндірушілер ауыр кезең болды. Өрт сөндірушілер тәулік бойы жұмыс жасаған мұнай кәсіпорындарын күзетті. Олар объектілерді өрттен ғана емес, ықтимал диверсиядан да қорғады. 1956 жылы өрт сөндіру инспекциясы негізінде ІІБ өрттен қорғау бөлімі құрылып, бірінші басшысы болып М. П. Ковалев тағайындалды. Үш жылдан кейін қалалық өрт сөндіру командасына арналған Боевая көшесі (қазіргі Гагарин көшесі) бойынша жаңа өрт сөндіру депосының құрылысы аяқталды. Мемлекеттік өртке қарсы қызметін әр жылдары Н. А. Ермолаев (1950-1954), М. П. Ковалев (1954-1961), К. А. Еникеев (1961-1985), В. Е. Любин (1985-1992), К. М. Есқалиев (1992-1993), Г. З. Габдуллин (1993-1999), М. Н. Ізмағамбетов (1999-2005), С. К. Дүйсекенов (2005-2006) басқарды.

FaLang translation system by Faboba