Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 19.06.2015ж. №163 бұйрығымен бекітілген ҚР ТЖМ МӨҚҚО газ - түтіннен қорғау қызметін ұйымдастыру жөніндегі тәлімдеменің талаптарын қатаң сақтай өзінің қызметін жүзеге асырып отырды.

Есепті кезең ішінде газ-түтіннен қорғау қызметімен 24 өрт сөндіріліп, тыныс алуға жарамсыз ортада жұмыс уақыты 557 минутты құрады. Газ-түтіннен қорғаушылардың іс-қимылдары мен дайындық деңгейін көтеру мақсатында таза ауада – 129 сабақ (3172 мин), түтін камерасында – 23 сабақтар (827 мин) өткізілді.

Қазіргі уақытта Қызметтің газ-түтіннен қорғау қызметінің жұмысын қалыпты жасауын қамтамасыз ету үшін гарнизонның МӨСБ, ӨСБ-де 2 база және 9 бақылау бекеті құрылған. Қызметте 2 оқу-жаттығу комплексі, (ТДК-5) 2 түтін камерасы және 2 отты психологиялық белдеу қарастырылған. Газ түтінен қорғау қызметінің жүмысын үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында 5 стационарлық және 7 тасымалды компрессорлар пайдалануда.

Бөлім атауы

Ауа компрессоры

Қозғалысыз күйдегі дыбыстық дабыл қақышы

стационарлық

тасымалды

 

жарамды

жарам-сыз

жарамды

жарамсыз

1-МӨСБ

1

0

2

0

7

2-МӨСБ

0

0

0

0

3

1-ӨСБ

1

0

0

0

3

2-ӨСБ

0

0

0

0

3

4-ӨСБ

1

0

1

0

0

5-ӨСБ

0

0

1

0

3

6-ӨСБ

0

0

1

0

4

7-ӨСБ

1

0

1

0

0

8-ӨСБ

0

0

1

0

3

9-ӨСБ

1

0

0

0

0

10-ӨСБ

0

0

1

0

0

Қызметтің газ түтіннен қорғаушылар саны 272 бірлікті құрайды, оның 37 бірлігі орта және аға басшы құрам болса, 235 бірлігі кіші және қатардағы басшы құрам. Облыс бойынша тәулік ішінде кезекшілікке орташа есеппен 35-40 газ-түтіннен қорғаушы (12 ГТҚҚ буыны) түседі.

Атырау гарнизоны газ-түтіннен қорғау қызметін ұйымдастыруға ТОЖҚҚ аппаратарының 2 түрімен («Drager PA-94 Plus Basic» және «MSA AUER») қамтылған. Қазіргі уақытта Қызметтің  газ-түтіннен қорғау қызметі жауынгерлік есебінде 144 дана «Drager PA-94 Plus Basic» аппараты, 349 маска, 68 дана «MSA AUER» аппараты, 219 маска және 422 баллондармен қамтылған.Сонымен қатар, Қызметтік ГТҚҚ базалары мен бекеттері ТОЖҚҚ аппараттарының техникалық күтім көрсетуге 10 дана тестормен жабдықталған.

Сондай-ақ ГТҚҚ буыны газтүтіннен қорғаушыларының өмірі мен денсаулығын қорғауға арналған 26 дана «motion SCOUT» жоғары сезімтал қозғалыс датчигі құралымен қамтамасыз етілген.

ӨСКҚ жедел кезекшісінің орынбасары
маттық қорғау капитаныҚ. Рапиғоллаев

FaLang translation system by Faboba