«Атырау облысының төтенше

                                                                                                                                                                                                                        жағдайлардын алдын алу және

                                                                                                                                                                                                                        жою жөніндегі комиссиялар

                                                                                                                                                                                                                        жұмыстарының қорытындылары

                                                                                                                                                                                                                        туралы»

 

 

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Атырау облысының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиялардың жұмыстары туралы.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі заңдары, облыс, қала және аудандардың әкімдерінң ережелері негізінде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиялар құрылды.

Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия жұмыстарын жоспарлау, қауіпсіздік төлқұжаты, қауіп-қатер каталогі, Ведомствааралық мемлекеттік комиссия отырыстарының хаттамалары, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің коллегиялары, Ішкі істер министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігінің басшылығының жазбаша нұсқамалары және Төтенше жағдайлар жөніндегі өңірлік комиссияның жұмысының қорытындыларымен төтенше жағдайларды дамытудың ықтимал сценарийлері негізінде жүргізіледі.

Облыс, қала және аудандарда төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияларларының жоспарлары әзірленді және бекітілді.

2019 жылдың І-жартыжылдығында ТЖК 20 отырысы өтті. (17-сі қала мен аудандарда, 3-облыста) (2018 ж-18, +3,6% өскен), соның ішінде - төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның 2 отырысы жоспардан тыс өткізілді.(Атырау облысы, Құрманғазы ауданы).

Отырыста барлығы 47 сұрақ қаралды.(Облыста- 6, қала және аудандарда -41) (2018 жылы-42)

Анықтама үшін: «2019 жылдың көктемгі су тасқынын кезеңіне дайындық және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі»-9 сұрақ, «Дала өрттері мен Каспий теңізі жағалауындағы қамыс өрттерінің алдын алу және орман шаруашылығы мекемелерінің жазғы өрт қауіпті кезеңіне дайындығы мен Облыстың өртке қарсы су көзімен қамтылуы мәселесі»-9 сұрақ, «Жазғы кезеңдегі суға шомылу маусымына облыстың су

тоғандарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі»- 9 сұрақ, «Көктем – 2019» Республикалық командалық-штабтық оқу жаттығуды ұйымдастыру және өткізу» -2 сұрақ, басқа сұрақтар-17.

Басқа сұрақтар:1-Сұрақ «Атырау облысындағы мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді-мекендерінде кезең-кезеңмен өрт сөндіру бекеттерін құру мәселесі»,1-сұрақ Ералы су торабының көктемгі өр суын қабылдауға әзірлігі жөнінде;1-сұрақ 2018 жылдың төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясы отырыстарының қорытындыс жөнінде;1-сұрақ 006-007 бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру бойынша;1-сұрақ «Газбен жабдықтау жүйелері объектілерін , газ тұтыну жүйелерімен тұрмыстық және коммуналдық –тұрмыстық тұтынушылардың газ жабдығын қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын бақылау бойынша қажетті шаралар қабылдау мәселесі»;1-сұрақ Қаладағы және ауылдық округтердегі ит, мысықтарды жою топтарының жұмысын жандандырып, ретке келтіру жөнінде;7-сұрақ Атырау облысы аумағындағы мал ауруларының алдын алу және мал қорымдарының жағдайы мәселесі; 2-сұрақ Өрт сөндіру гидранттарының техникалық жағдайы туралы;1-сұрақ Аудан аумағындағы кәсіпорындарда, ұйымдарда және тұрғын үйлерде жылыту қазандықтарының жәй -күйі және табиғи газден улану фактілерінің алдын алу шаралары туралы.

Отырыста көтерілген сұрақтар бойынша хаттамамен бекітіліп, жауапты органдармен мекемелерге тапсырмалар берілді.

Жалпы І-жартыжылдықта жауапты органдарға 99 тапсырма берілді. (1 отырыста-38, 2 отырыста-42, 3(жоспардан тыс) -19) Берілген тапсырмалардың орындалысы күнделікті қатаң бақылауда ұсталып, талдау жасалып отырады.

Бүгінгі күні берілген тапсырмалардан 71 орындалып, 2 тапсырманың орындалу уақыты өтпей, 19 тапсырма соңғы 28 маусымда өткен жоспардан тыс өткен отырыста берілді. Қазіргі уақытта 6 тапсырма орындалмай отыр.

Анықтама үшін:

1) Атырау қаласы және аудан әкімдері.Орындау уақыты бекітілген жоспарды аяқтау уақыты .

«Атырау облысындағы мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді-мекендерінде кезең-кезеңмен өрт сөндіру бекеттерін құру мәселесі»

Бүгінгі күні облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Ж.Шәпкеновпен 2019-2021 жылдары мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді-мекендерінде кезең-кезеңмен өрт сөндіру бекеттерін құруға арналған жоспары қайта бекітілді.

2) Атырау қаласы әкіміне: Орындау уақыты ағымдағы жылдың 20 маусымы:( 2.2 пункт)

«Өрт сөндуруші» АҚ –на өрт сөндіру бекетін салу үшін берілген жер телімінің Қазақстан Республикасының заң талаптарына сай сатылып

кеткен жер телімін мемлекетке қайтару жұмыстары .Бүгінгі күні бұл бағыт бойынша жұмыстар атқарылып жатырған жоқ.

3) «Ақ жайық» РММ МТР Орындау уақыты ағымдағы жылдың 15 маусымы (2.3.1,2.3.2 пункттері)

Өрт қауіпті кезеңде мүмкін өрттің сөндіру үшін әуе қызметі үшін қаражат көзін қарастыру.

Өрт қауіпті кезеңде мүмкін өртті сөндіру үшін арнайы техникалар сатып алу үшін қаражат көзін қарастыру.

Бүгінгі күні бұл тапсырмалар орындалмай отыр.

4) Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы.Орындау мерзімі ағымдағы жылдың 20 мамыры (4.1.1; 4.1.2)

ҚР Иннвестициялар және даму министрлігімен газ-техникалық инспекция бойынша туындаған сұрақтар бойынша жұмыстар жүргізіп ұйымдастырып, газ-техникалық инспекция құру бойынша жұмыстарын жалғастырып, соның ішінде штаттық саны мен функциялары айқындау.

Жеке меншік нысандардағы және тұрғын үйлерде орнатылған жылу қазандықтарын, газ құбырлары , газ толтыру пункті және автокөлікке газ құю станциясы сияқты нысандардағы қауіпсіздікті сонымен қатар қауіпті техникалық құрылғылардың қауіпсіз пайдалнуына қадағалау туралы функциялардың заң шеңберінде мүдделі мекемелерге бекіту бойынша тиісті министрлікке хат жолдау.

Бүгінгі күні бұл тапсырмалар орындалмай отыр.

Жалпы І-жартыжылдықта аудандар көлемінде жауапты органдарға 120 тапсырма берілді. (1 отырыста-54, 2 отырыста-63, 1(жоспардан тыс) -3). Берілген тапсырмалардың орындалысы күнделікті қатаң бақылауда ұсталып, талдау жасалып отырады.

Бүгінгі күні берілген тапсырмалардан 96 орындалып, 16 тапсырманың орындалу уақыты өтпей, 3 тапсырма соңғы Құрманғазы ауданында өткен жоспардан тыс өткен отырыста берілді. Қазіргі уақытта 5 тапсырма орындалмай отыр.Атап айтқанда:

Анықтама үшін:

Қызылқоға ауданы бойынша :

2.3 Аудандық тұрғын үй шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

3.5 Ауылдық округ әкімдеріне:

Округ орталықтарына дабылқаққыштар орнату. Орындау уақыты қаражат көзіне қарай.

4. Аудандық кәсіпкерлер және ауылшаруашылық бөліміне:

Аудан көлеміндегі су жағалауларына демалыс орындарын салу үшін кәсіпкерлерді тарту шараларын ұйымдастыру.Орындау уақыты суға түсу маусымына дейін.

Индер ауданы бойынша:

1.1Ауылдық округ әкімдеріне, Аудандық тұрғын үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімі және тұрғын үй инспекциясы, аудандық құрылыс бөліміне:

Аудан көлеміндегі бөгеттердің осал жерлерін қалпына келтіру үшін қажетті қаражатты нақтылау.

Орындау мерзімі ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейін

1.2 Жарсуат, Көктоғай ауылдық округ әкімдері, Аудандық тұрғын үй –коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы, аудандық құрылыс бөліміне:

Жайық өзенінің қауіпті учаскелеріне жобалық сметалық құжаттарын жасақтауға ұсыныс беру. Орындау мерзімі ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейін

1.4 Индербор кенті әкімі, Аудандық тұрғын үй –коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы, аудандық құрылыс бөліміне:

Кент ішіндегі қауіпті учаскелерге арықтар салуға ұсыныс беру.

Орындау мерзімі ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейін


«Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның 2018 жылғы жұмысының

қорытындысы» туралы

ТАЛДАУ

 

Облыс Әкімімен бекітілген Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның 2018 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, 4 жоспарлы отырысы өткізілді.

Атап айтсақ, 2018 жылғы 28 ақпандағы 1-ші мәжілісте:

1) 2018 жылдың көктемгі су тасқынын апатсыз өткізу және оған дайындық мәселесі;

Комиссия төрағасының мәжілісте берген тапсырмалары хаттамаға енгізіліп, Департамент тарапынан барлық комиссия мүшелеріне, қала және аудан әкімдеріне жолданды.

Хаттамалық тапсырмалдарды орындау бойынша Департамент тарапынан келесі іс-шаралар атқарылды:

- «Атырау облысы бойынша су тасқыны кезіндегі төтенше жағдайларда шұғыл әрекет ету» Картасына 2018 жылға түзетулер енгізілді.

Департамент тарапынан, әкімдіктермен бірге облыстағы су тасқынына қарсы қорғаныс бөгеттерінің қауіпті учаскелеріне (Құрманғазы ауданына) тікұшақпен және жерде көру-шолу жұмыстары жүргізілді.

Облыс әкімінің атына көктемгі су тасқынына дайындық бойыншахат жолданды (09.02.2018ж. №29-19-6-15/249-и);

- «Қазавтожол» АҚ-на, Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына, «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» Атырау жол бөлімшесіне көктемгі тасқын судың кедергісіз өтуі үшін жолдар мен теміржолдар бойындағы су өткізгіш құбырлар мен көпір өткелдерін аршып тазалау туралы хаттар жолданды;

- Көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстарды, күш-құралдарды пысықтау мақсатында Атырау қаласының және аудандардың ТЖ бөлімдері бастықтарының жұмыстары тыңдалды;

- «Қазгидромет» РМК АФ-нан облыс аумағындағы өзендердегі су деңгейлері туралы күнделікті бюллетеньдер алынып, оларға мониторинг және талдау жұмыстары жүргізіліп отырды;

- Ресей Федерациясының Астрахань, Волгоград және Орынбор облыстарының ТЖ қызметтерімен, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының ТЖД-мен, Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау Жайық-Каспий бассейндік инспекциясымен байланыс орнатылып, көктемгі су тасқынының көлемі туралы болжамдық ақпараттар алынды;

- Бұл болжамдық ақпараттар дер кезінде облыс әкімдігіне, қала және аудандардың әкімдеріне, мекемелер мен ұйымдарға жолданып отырды;

- Атырау облысы Қызылқоға ауданының аумағында Ойыл өзенінде Ералы су торабы орналасқан. «Казсушар» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны Атырау филиалының теңгерімінде. Гидротехникалық имараттың жағдайына 2017 жылы көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындау мақсатында республикалық бюджеттен 60,7 млн.тг қаржы бөлініп, 6 реттеуіш шлюздері жаңаға ауыстырылған, түсіріп-көтеру механизмін автоматты басқару қондырғылары орнатылған

- «Көктем-2018» республикалық командалық штабтық оқу жаттығу бойынша облыстың басқару органдары мен күш-құралдары, аумақтық азаматтық қорғаудың кіші

жүйелерінің күш-құралдары дайындыққа келтіріліп, оқу-жаттығу өз деңгейінде өткізілді;

- Қала және аудандардың әкімдеріне көктемгі су тасқынына дайындық бойынша кешенді іс-шаралар атқару жөнінде хаттар жолданды;

2018 жылғы 5 мамырдағы 2-ші мәжілісте:

1) Жазғы кезеңде облыстың су тоғандарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі;

2) Дала өрттері мен Каспий теңізі жағалауындағы қамыс өрттерінің алдын алу және орман шаруашылығы мекемелерінің жазғы өрт қауіпті кезеңіне дайындықтары мәселесі қаралды.

3) Атырау облысы аумағында мал ауруларының алдын алу және мал қорымдары жағдайының мәселесі.

Хаттамалық тапсырмалдарды орындау бойынша келесі іс-шаралар атқарылды:

- Облыс бойынша Атырау қаласында 6 жағажай қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің теңгерімінде. Аталған жағажайлардың үшеуі сенімгерлік басқаруға жеке кәсіпкерлерге берілді(Фок, тұрғын үй қалашығы, Мечников өткелі). Қалған үшеуін де сенімгерлікке беру жұмыстары жүргізілуде.

- Суға шомылу маусымының ашылуына дейін қала және аудан аумағындағы барлық жағажайлары судағы қауіпсіздік шараларын қолға алу шеңберінде су жағасын және судың түбін тексеріп, зерттеп және тазалау жұмыстары жүргізілді. Судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жан-жақты жабдықталды.

- Облыс су айдындарының жабдықталмаған және қауіпті учаскелерінде бүгінгі күнде 126 «Суға түсуге тыйым салынады» белгілері орнатылды (Атырау қ. - 40, Жылыой ауданында – 10, Индер ауданында – 16 , Махамбет ауданында – 26, Құрманғазы ауданында - 34).

- 10 маусымнан бастап адамдардың қазасын болдырмау мақсатында Департаменттің қызметкерлері, «Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы» ММ, «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ және Атырау облысы Ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, Атырау қ. су айдындарында күнделікті рейдтік шараларды өткізуде және осы бағытта суға түсу бойынша тәртіп бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 364,412 және 440 баптары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізілді.

- Жергілікті атқарушы органдармен, ішкі істер департаментімен, білім, денсаулық сақтау, ішкі саясат, спорт және дене шынықтыру басқармаларымен іс-шаралар жоспары жасақталып бекітілді;

- Ішкі істер департаментімен бірігіп су айдындарында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін біріккен рейдтік іс-шаралар, профилактикалық нұсқамалар және жазғы каникулдың демалыс орындарында балалардың қауіпсіздігіне жауапты адамдарды тағайындау, балаларға демалыс мезгілінде судағы қауіпсіздік ережелерін үйрету бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілді;

- Кеме жүргізушілердің жүзу қауіпсіздігі ережелері талаптарын бұзу фактілерін болдырмау мақсатында балық және транспорт инспекцияларымен бірігіп рейдттер өткізіліп, «Судағы қауіпсіздік ережелері» туралы жадынамалар таратылды;

- Су айдындарына жағажайларды инвентаризациялау, иелерін анықтап бекіту, жауапкершіліктері туралы ескерту жүргізілд;

- Бесікті поселкесіндегі «Тұлпар», Махамбет ауданы Сарытоғай ауылындағы «Арай», Индер ауданындағы «Жас-Өркен» сауықтыру орталықтарында, мектеп жанындағы лагерлерде демалып жатқан балалармен үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді;

2-ші мәселе бойынша

- Жергілікті атқарушы органдарымен дала өрттерін сөндіру үшін селолық округтерде 1105 адам құрайтын 81 ерікті өрт сөндірушілер жасақтары құрылған.

Дала өрттерін жою және мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері құрылмаған елді мекендерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыс аумағында 4 өрт сөндіру бекеттері құрылған. (1. Махамбет ауданы Ортақшыл с. және 2.Қызылқоға ауданы Сағыз станциясы. (ТЖД есебінен).3. Индер ауданы Көктоғай а/о. (жүргізуші ТЖД есебінен), 4. Индер ауданы Есбол а/о. (ЖАО есебінен);

- Орман, дала өрттері кезінде аумақты қорғауды, халықты және үй жануарларын эвакуациялауды ұйымдастыру әдістері мен тәсілдерін зерделеу бойынша қала және аудан бойынша іс-шаралар жоспары жасақталды.

- Төтенше жағдайлар департаментінің аудандық бөлімшелерімен жыл сайын жергілікті атқарушы органдарымен селолық округтерде құрылған ерікті өрт сөндіру жасақтарымен дала өрттерін сөндіру бойынша оқу-жаттығулар ұйымдастырылып, өткізіледі.

- 2018 жылдың маусым айына дейін облыстық және аудандық газеттерде 50 мақала жарық көріп, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды насихаттау үшін дайындалған бейнероликер жергілікті «Atyray`» телеарнасында 10 мамыр-4 маусым күндері аралығында аптасына 1 рет трансляцияланған

3-ші мәселе бойынша

- Облыста 36 типтік үлгідегі мал моласы бар (Жылыой ауданында -7, Индер ауданында – 7, Қызылқоға ауданында – 10, Мақат ауданында-2, Махамбет ауданында -10). 2018 жылдың соңына дейін 27 мал моласының (Атырау қаласында – 1, Исатай аудынында – 7, Құрманғазы ауданында – 19), құрылыс жұмыстары аяқталады, ол үшін жергілікті бюджеттен қажетті қаражат бөлінді.

-Соңғы 3 жылда олардың Атырау облысында 4 түрі (бруцеллез, құтыру, нодулярлы дерматит, пастереллез) тіркелді. Барлық мал басы бруцеллез ауруына серологиялық тексеріледі. 2018 жылғы жоспарға сәйкес барлық вакцинациялау жұмыстары жүргізілуде. Бруцеллезге 81 968 бас МІҚ, 153 439 бас МҰҚ және 5 336 бас түйе тексеріліп, олардың 430 бас МІҚ, 690 МҰҚ және 28 бас түйе оң нәтиже беріп, санитариялық союдан өткізілді. Күні бүгінде облыстың эпизоотиялық ахуалы тұрақты.

2018 жылғы 24 қазандағы 3-ші мәжілісте:

1) Облыс көлеміндегі тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының 2018-2019 жылдардың жылыту маусымына дайындығы мәселесі

2) Облыс аумағындағы республикалық және облыстық автокөлік жолдарының 2018-2019 жылдардың қысқы мезгіліне дайындығы

Хаттамалық тапсырмалдарды орындау бойынша келесі іс-шаралар атқарылды:

1-ші мәселе бойынша

- Қысқы кезеңде төтенше жағдайлардан зардап шеккендерді, қар құрсауында және күрделі метеожағдайда қалғандарды жылытуға арналған облысы бойынша республикалық және облыстық маңызы бар автокөлік жолдарында 40 жылыту пунктері орналасқан (35 Республикалық маңызы бар а/к жолдарында, 5 облыстық маңызы бар а/к жолдарында).

- «АтырауЖылуЭлектрОрталығы» АҚ-ның 3 жылуагрегаттарына және 3 турбоагрегаттарына жөндеу жұмыстары жоспарланды. Бүгінгі күні 3 жылуагрегаттарының жұмысы толықтай аяқталды. Сонымен қатар, 2 турбоагрегаттарының жұмысы толықтай жүргізілді. Қалған 1турбоагрегаттың жөндеу жұмысы бекітілген кестеге сәйкес, ағымдағы жылдың 1 қазан-28 желтоқсан аралығында жүргізіледі және жоспарланған жөндеу жұмысы жылу беру маусымының

өтуіне еш кедергісін тигізбейді деп отыр. «АЖЭО» АҚ жылу беру маусымына 3000 тонна мазут қоры дайындалған.

- Атырау облысы бойынша жалпы жылу беру маусымына – 9,3 млрд.теңге қаражат бөлінді: жергілікті бюджет есебінен – 6,7 млрд.теңге, кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен - 2,6 млрд.теңге.

2-ші мәселе бойынша

- «КазАвтоЖол Ұлттық компаниясы» АҚ Атырау облыстық филиалының мәліметіне сай:

Республикалық маңызы бар жолдар:

Қысқы мезгілде орын алуы ықтимал төтенше жағдайларды жою үшін, республикалық маңызы бар жолдарда (990 шақырым) ЖШС «Қазақавтожол» Атырау облыстық филиалымен 21 бірлік (9 дана Камаз КДМ, 1 дана ЗИЛ КДМ, 5 дана Автогрейдер, 6 дана МТЗ-82 трактор) қысқы мезгілде қолданылатын арнайы техникалар дайындалған. Жол бойында 4 ЖПУ(Жол пайдалану учаскесі) және 3 ЖПБ (жол пайдалану бекеттері) қызмет көрсетеді. Қазіргі уақытта 100 тонна техникалық тұз, 60 тонна дизельдік отын, 45 тонна бензин, 300 м3 құм қоры дайындалған.

- Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметіне сай:

Облыстық маңызы бар жолдар:

Қысқы мезгілде орын алуы ықтимал төтенше жағдайларды жою үшін облыстық маңызы бар жолдарда (973 шақырым облыстық және 1088,6 шақырым аудандық) жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен жолдарды күтіп ұстауға 3 мекемемен («Құрманғазы жолдары» ЖШС, «Жана арна» ЖШС, «Аслим» ЖШС ) келісім шартқа отырған, 18 бірлік қар тазалайтын арнайы автотехникалар дайындалған. Жол қызметтерімен қазір уақытта 18 тонна жанар-жағармай, 150 тонна тайғаққа қарсы материалдар (құм) дайындыққа келтірілген.

2018 жылдың 20 желтоқсанындағы 4-ші мәжілісте:

1) Мұз тұру және сең жүру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру мәселесі;

2) «Жаңа жылдық мереке қарсаңындағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі» және «Облыс көлеміндегі пиротехникалық өнімдерді заңсыз сату және алдын алу шаралары туралы».

Хаттамалық тапсырмаларды орындау бойынша:

- Ағымдағы жылдың 9 қараша айында Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің төтенше жағдайлардың алдын-алу бөлімшесінің инженері азаматтық қорғау капитаны А.Картимова және бас маманы азаматтық қорғау капитаны А. Хисапов болып, Атырау облысы бойынша мектеп оқушылары арасында ара қашықтықтан оқылатын оқу әдісі - «он-лайн» жүйесінде «Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбында слайдты көрсетілімдер арқылы интерактивтік сабақ өткіздік. Интерактивтік сабаққа облыс бойынша 358 оқушы және сынып жетекшілері қатысуымен 21 мектеп қосылды.

- Мұздағы қауіпсіздік, қысқы кезеңдегі жүріс-тұрыс, жалпы қысқа дайындық шаралары туралы өңірлік баспа БАҚ-нда аудандық «Қызылқоға» газетінің 8 қарашадағы 45 санында «Жаттығуда ауыр болса, қыста –жеңіл», 15 қарашадағы №46 санында «Қыс қар астында, ал, оған сақадай саймыз ба?», аудандық «Кең Жылой» газетінің 8 қарашадағы №45 санында «Жазда ерлесең, қыста терлейсің», аудандық «Дендер» газетінің 15 қарашадағы №46 санында «Әрбір іске жауаптылық керек» атты материалдар жарық көріп, «Қазақстан» облыстық телеарнасы арқылы 2 сюжет көрсетілді.

- «Қыс мезгіліндегі мұз үстіндегі қауіпсіздік шаралары» тақырыбында мектеп оқушылары арасында сабақтар ұйымдастырылды;

- Білім беру мекемелерінің оқушыларына, жоғарғы және орта арнайы оқу орындары студенттері арасында «Мұз үстіндегі қауіпсіздік шаралары», «мұздағы тәртіпті сақтау ережелері» туралы тақырыпта лекция-әңгімелер, сұхбаттар және бейне роликтерді көрсету ұйымдастырылды;

- Орал–Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, Атырау облысы ішкі істер департаменті қызметкерлерімен бірлесе отырып рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды;

Тұрғындардың мұз үстіндегі қауіпсіздік ережесін сақтауы туралы 545 жадынамалар таратылып, 474 рет рейдтік ескерту жұмыстары өткізілді.

2-ші мәселе бойынша

- Жылыту маусымы басталғаннан бері жергілікті полиция және газ таратушы мекеме қызметкерлерімен бірлесіп 78 рейдтер ұйымдастырылып, 3001 тұрғын үй араланып, жадынамалар тарату арқылы 5890 тұрғынға өрт қауіпсіздігі туралы нұсқамалар жүргізілді. Мекеме қызметкерлерімен 68 рет нұсқама өткізілді. Селолық округ тұрғындарымен 27 жиындар өткізілді.

- Бұдан да басқа Департамент қызметкерлерімен ұйымдар мен тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау жөнінде үгіт –насихат жұмыстары кеңінен жүргізіліп, бұл жұмыстар кезінде пиротехникалық бұйымдарды қауіпсіз қолдану мәселелеріне басты назар аударылды.

- Өрт қауіпсіздігі мен газдан уланудың алдын алу мәселелері жөнінде аудандық «Мақат тынысы» газетінің 1 қарашадағы №44 санында «Қолдан жасалған қондырғы өртке әкеледі», 8 қарашадағы 45 санында «Қаражат» үнемдеп, қауіпсіздігін ұмыт қалдырады», «Талапқа қайшы қосылса, пеш газден ажырайды», 15 қарашадағы 46 санында «Тұншықтырғыш газден сақ болыңыз», «Иіс тиген адамға қандай көмек керек?», 22 қарашадағы №47 санында «Көп қабатты ғимаратта болар қауіпті жайттар», аудандық «Нарын таңы» газетінің 1 қарашадағы №44 «Өрттен қалай қорғанамыз?», 8 қарашадағы 45 санында «Қауіпсіздік шараларын сақтайық», аудандық «Қызылқоға» газетінің 1 қарашадағы №44 санында «Үйді жылытамын деп өртеп алмаңыз», 22 қарашадағы №47 санында «Газге уланбас үшін не істеу керек?», аудандық «Дендер» газетінің 8 қарашадағы №45 санында «Газға уланып қалмаңыз», аудандық «Жайық шұғыласы» газетінің 8 қарашадағы №45 санында «Жайдақ пешке жоламаған жөн», аудандық «Кең Жылой» газетінің 15 қарашадағы №46 санында «Түссіз түтінге тұншығып қалмаңыз» атты мақалалар жарияланып, «Қазақстан» облыстық телеарнасы арқылы 5 сюжет ұйымдастырылды..

Өткен жылдың аяғында облыс аумағы бойынша ең өзекті делінген мәселелер енгізілген Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның 2018 жылға арналған жоспары жасақталып, облыс Әкімімен бекітілді.

ҚОРЫТЫНДЫ:

Қорыта келе, комиссия жұмысына жасаған талдауларға сәйкес анықталған кейбір кемшіліктер, олар:

Хаттамалық тапсырмалардың қала және аудан әкімдіктері тарапынан уақытылы орындалмауы мен ондағы ақпараттардың сапасы мен толықтығындағы кемшіліктер;

- Хаттамалардың орындалысын қорытындылау жөнінде Атырау қаласы, Индер және Қызылқоға аудандарының әкімдіктерінен жыл басында сұратылған ақпарат бүгінгі күнге дейін Департаментке жолданбай отыр.

Осы бағыттағы жұмыстары дұрыс жолға қойылған Құрманғазы, Махамбет, Исатай және Мақат аудандары әкімдіктерін айта кету керек. Олар хаттама тапсырмаларын орындалуына басты назарға алып үнемі ақпарат алмасып, қажет

жағдайда ТЖ бойынша жауапты қызметкерлері телефон арқылы да кеңестер алып отырады.

Басқа аудандарда жұмыстар мүлде атқарылмайды деуден аулақпын, әрине ауқымды шаралар да атқарылуда, алайда басты мақсат бұл олқылықтардың басты себептерін тауып, жұмысты талапқа сай деңгейге көтеру болып отыр. Негізінен бұл олқылықтар әкімдіктердегі ТЖ бойынша жауапты қызметкерлердің үнемі ауысып отыруында. Міне соның салдарынан ТЖ бойынша жұмыстардың жоспарлы атқарылуы қала және аудан әкімдіктерінде ақсап отыр.

Облыстық, қалалық және аудандық ТЖ Комиссияларыны жұмысының тиімділігін және сапасын артыру мақсатында әр комиссия отырысында қала және аудандары әкімдерінің орынбасарларын комиссия жұмысы бойынша тыңдауды ұсынылады.


Анализ эффективности деятельности городских и районных комиссий по чрезвычайным ситуациям в области предупреждения и ликвидации чрезвычайных ситуаций за 1 квартал 2018 года

Областная комиссия по предупреждению и ликвидации ЧС является координационным органом, образованным для обеспечения согласованности действия местных исполнительных органов, государственных и иных организаций, для решения совместных задач по обеспечению защиты населения, объектов и территории Павлодарской области от ЧС природного и техногенного характера.

 Согласно утвержденного плана работы КЧС на 2018 год, за отчетный период организованно и проведено 1 заседания областной комиссии по предупреждению и ликвидации ЧС. По итогам заседаний дано 41  рекомендаций, из них, исполнено 40 (97 %). На заседаниях областной комиссии по ЧС рассмотрены 3 вопроса.

За отчетный период в городах и районах организованно и проведено 9 заседаний, по итогам, которых, местным исполнительным органам, ответственным государственным учреждениям и организациям даны соответствующие рекомендации по проведению превентивных мероприятий.

Работа городских и районных комиссий по ЧС в первом полугодии      2018 г. основывалась на плане работы комиссии утвержденных акимами городов и районов – председателями комиссии, а также исходя из возможных опасностей того или иного региона взависимости от ландшатных, климатических, промышленных и др. особенностей региона.

В ходе проведения заседания были рассмотрены вопросы, связанные с подготовкой защитных дамб, запасов инертных материалов, мешкотар, готовность формирований гражданской защиты и их материально техническое оснащение.Исполнение рекомендаций комиссии по чрезвычайным ситуациям находится на постоянном контроле.

В текущем году работа по недопущению возникновения чрезвычайных ситуаций и минимизации возможного ущерба от паводков была организована и проведена в соответствии с Планом комплексных мероприятий по подготовке области к прохождению паводкового периода 2018 года.

В целях предотвращению подтопления и снижению возможного ущерба на территории области от паводка, разработан и утвержден Акимом области «План мероприятий по подготовке, проведению весеннего паводка 2018 года и снижению возможного ущерба на территории Атырауской области» (план состоит из 24 пунктов, утвержден от 15.01.2018г). В целях недопущения подтопления населенных пунктов талыми водами коммунальными службами области в зимний период было вывезено 18 700 м³ снега.

Во исполнение протокольного поручения в паводковый период МИО были проделены нижеследующие мероприятия:

- для подготовки Ералиевского гидроузла к паводковому периоду 2018 года из Республиканского бюджета были выделены финансовые средства в сумме 60,7 млн. тенге на проведение ремонтных работ. На сегодняшний день все шлюзы-регуляторы заменены, а также установлено автоматическое управление пуско-подъемного механизма.

- на ликвидацию возможных ЧС природного и техногенного характера, в местных исполнительных органах зарезервированы на 2018 год:

         В чрезвычайном резерве и резерве на неотложные затраты акиматами заложено 1 764 486 000 тенге.

         На Чрезвычайный резерв - 1 398 271 000 тенге.

          На Неотложные затраты - 366 215 000  тенге.

         Программа (006) акимата на предупреждение и ликвидацию ЧС – 22 055 000 тенге.

         -для предупреждения и ликвидации последствий паводков подготовлены запасы (МИО) в объеме 47,8 тонн ГСМ, 1004 тонн инертных материалов, 75400 мешков.

         -на случай осложнения паводковой ситуации совместно с акиматом создана группировка сил и средств служб гражданской защиты области общей численностью 1237 чел., 461 ед. тех., 182 ед. плавсредств.

         -для строительства ливневой канализации и дренажной системы в городе Атырау разработана ПСД, сметная стоимость строительства 424 386 000 тенге. Строительно-монтажные работы начаты.

         - организована взаимодействие и обмен прогнозной информаций по гидрологическим данным в каскаде Волгоградского и Ириклинского водохранилища с Главными Управлениями МЧС Российской Федерации по Астраханской, Волгоградской и Оренбургской областей. А также, с РГП «Казгидромет» и Жайык-Каспийской бассейновой инспекцию по регулированию использования и охране водных ресурсов бассейнах рек области.

Вывод: Департаментом по ЧС на постоянной основе направляются письма о необходимости предоставления информации об  исполнении пунктов протокольных поручений Комиссии, однако ответственными исполнителями предоставляется информация не в полном объеме и без докладной записки о снятии с контроля, так как сам протокол Комиссии не стоит на контроле в организационно-контрольном отделе МИО.  Ежеквартально председателю Комиссии направляется   информация по исполнению пунктов протокольных поручений для принятия соответствующих решений. По итогам первого полугодия и итогам года проводится анализ эффективности деятельности комиссии по предупреждению и ликвидации чрезвычайных ситуаций, который направляется председателю комиссии.

Имеются проблемные вопросы по организации работы КЧС, а именно координация деятельности  в организационно - техническом обеспечении работы Комиссии и осуществление контроля за исполнением пунктов протокольных поручений Комиссии.

Для решения проблемных вопросов предлагаю внести изменения в Типовое положение комиссии по предупреждению и ликвидации чрезвычайных ситуаций; назначить секретарем Комиссии сотрудника от МИО и возложить функции организационно – технического обеспечения работы Комиссии; для обеспечения эффективности работы Комиссии и качественного исполнения  протокольных поручений закрепить контроль за организационно-контрольным отделом МИО.

 

FaLang translation system by Faboba